|
30.03.2023 | 10:06
2013

Түрксіб ауданында жаңа емханалар салынады

Әр емхана 100-ден аса келушіні қабылдайды

Түрксіб ауданында жаңа емханалар салынады gov.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында cапалы медициналық қызмет көрсету үшін амбулаториялар салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта «Нұршашқан» шағынауданында 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, жұмыстар қыркүйек айында аяқталады. II-ші тоқсанда Айбасов көшесінде 200 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады», – деді қала әкімі.

Тест: Қазақ тіліндегі диалект сөздерді білесіз бе

Сонымен қоса, II-ші тоқсанда «РВ-90» (2022 жылғы желтоқсанда шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты «АрхКомплекс» ЖШС-мен шарт бұзылды) және «Әлмерек» (ауданы 0,6 га жер учаскесін сатып алғаннан кейін) шағынаудандарында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін конкурстар жарияланатынын айтты.

«Қайрат» шағынауданында 340 адам қабылдайтын емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарланған. Аудан тұрғындарына әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілерді «қолжетімді» ету үшін қарқынды жұмыс жалғасуда», – деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс төрағасының орынбасарлары сайланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир