|
10.11.2022 | 10:35
2459

Жетісу ауданында емхана мәселесі қалай шешіліп жатыр

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты

Жетісу ауданында емхана мәселесі қалай шешіліп жатыр ашық дереккөзден

Жетісу ауданындағы Кемел шағынауданындағы 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы жылдың соңына дейін Кемел шағынауданындағы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда шатырды жабу, сыртқы инженерлік желілер бойынша жұмыстар аяқталды, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 2022 жылдың тамыз айында Омаров көшесінде ауысымына 200 келушіні және Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіні қабылдайтын емханаларды орналастыру үшін 2 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жылдың соңына дейін аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланған», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир