Құрғақ шаш түрін аптасына екі реттен артық жуу ұсынылмайды
Медицина ғылымдарының докторы Григорий Флакс күн сайын шаш жуудың неліктен зиян екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгінде шашты күнде жуудың зиян екенін көрсететін ғылыми дәлел жоқ. Алайда шашты сирек жуудың да өз жағымсыз әсері бар, бұл дерматитке, іріңді бөртпелерге әкеп соқтыруы мүмкін», - деді ол.
Маманның айтуынша, шаштың күйі мен сыртқы түріне сусабын, кондиционер және күтім өнімдерін дұрыс таңдау үлкен әсер етеді. Дұрыс емес гигиеналық құралдарды қолданған кезде күнделікті шашты жуу ақуыздар мен липидтердің шайылуына және терінің эпидермиялық тосқауылының бұзылуына ықпал етуі мүмкін. Malassezia тұқымдасының саңырауқұлақтары белсендірілуі мүмкін, терінің микробиомасы бұзылады, бұл қайызғақтың пайда болуына әкеп соқтырады.
Оңтайлы өнімді және шашты жуу жиілігін анықтау үшін шаштың түрін анықтау қажет. Құрғақ шаш түрін қатты кептірмеу үшін аптасына екі реттен артық жуу ұсынылмайды.
Майлылыққа бейім шаш түрін аптасына кемінде үш рет немесе одан жиі жуу керек. Жуу үшін сусабын қолданған дұрыс, оның құрамында кептіру және адсорбциялық әсері бар компоненттер бар. Бұл майдың бөлінуін бақылауға көмектеседі және шаштың тез ластануының алдын алады.
Оқи отырыңыз: Домбыраны қалай таңдауға болады: Қызылордада түрлі аспап жасайтын шебер маңызды кеңес айтты