Мемлекет басшысы Бразилия президентін құттықтады

07.09.2024 16:07

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін дәріптеу: Алматыда айрықша іс-шара өтті