Өзбекстанда сатылған инсулинді «СҚ-Фармация» сатып алған

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанда заңсыз сатылған инсулин «СҚ-Фармация» компаниясына тиесілі. Өткен жылы тараған ақпаратты растаған Комитет басшылығы осылай деді. Оны тапсырыс арқылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында бюджет қаражатына «Самұрық Қазына Фармация» компаниясы сатып алған. Алайда, инсулин Ташкент дәріханаларынан бір-ақ шықты. Істі тергеп-тексеруге ендігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті кіріскен, деп жазды astanatv.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік қызметі аталған препараттың сыртқа қалай шығып кеткенін қазір тексеріп жатыр. Инсулин расымен де «Самұрық-Қазына Фармациядан» тегін медициналық көмек аясында сатып алынған. Біздің айтып отырғанымыз - 2018 жылы жеткізілгендері. Ұлттық бюромен де қазір қосымша тексеріп жатырмыз», - деді ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы Людмила БЮРАБЕКОВА.


Новости партнеров