|
04.04.2019 | 11:18
4135

Ақтөбе облысында сәбиге қызуды түсіретін дәрі салғаннан кейін екі рет ота жасатуға тура келген

Дерт салдарынан тері астылы май жасушасының тіндері жылдам өліеттеніп, іріңдеуде

Ақтөбе облысында сәбиге қызуды түсіретін дәрі салғаннан кейін екі рет ота жасатуға тура келген

Ақтөбеде екі айлық нәрестенің ата-анасы аудандық аурухананың дәрігерлеріне шағымдануда. Айтуларынша, қыздарының қызуы көтерілген кезде фельдшер педиатрдың телефон арқылы берген нұсқаулығымен дене қызуын түсіретін дәрі еккен. Арада үш күн өткеннен кейін қыздың шабында өсінділер пайда болып, екі рет ота жасатуға тура келіпті.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Хирург баланы қарап, өсіндінің дәріні инемен егу салдарынан емес, жөргек үшін пайда болғанын айтты. Біз жөргекті дүниеге келгенінен бері қолданып келеміз. Мұның бәрі жөргек үшін емес, сол екпенің салдарынан болды. Сонымен қатар мен Әйтеке би аудандық орталық аурухананың дәрігерлеріне қатысты шара қолдануды сұраймын. Олар айлық балаға инемен дәрі салып, дұрыс диагноз қоймады», - дейді Комсомол аулының тұрғыны Дәурен Смайылов.

Облыстық ауруханының дәрігерлері сәбиге стафилококк салдарынан шат аумағында пайда болған шірік флегмонасы диагнозын қойыпты. Дерт салдарынан тері астылы май жасушасының тіндері жылдам өліеттеніп, іріңдеуде.

Кішкентай Айсана бір апта жансақтау бөлімінде жатқан. Ендігі оған үшінші ота жасалмақ. Бүгінгі таңда оның жағдайы тұрақталған.

Ал әкесі министрлікке, денсаулық сақтау басқармасы мен полицияға шағымданбақ. Дәурен Смайылов қызы ауруханадан шыққаннан кейін сотқа жүгінбек ниетте екенін айтып отыр.

Оқиғаға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасында комиссия құрылған. Олар мән-жайды анықтайтын болады.

«Инемен дәрі егудің салдарынан бұлай болуы мүмкін емес. Екіншіден, ине салу аллергия берген болуы мүмкін немесе басқа да қиындықтар тудырған болуы ықтимал. Біздің көріп отырғанымыз, жаңа туған нәрестелерде  болатын  шірік флегмонасы диагнозына  тән», - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир