|
29.10.2023 | 12:16
64883

Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр

Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты primeminister.kz

Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 28 адам жеткізілген.


Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр. Жағдайы тұрақты. Есін біледі.


Бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр. Екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр.


Төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Оқи отырыңыз: Костенко шахтасында іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир