Костенко шахтасында іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

Сурет: видео скрині
Сурет: видео скрині
Іздестіру жұмыстары бойынша соңғы ақпарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтада апаттық-құтқару жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қаптановтың айтуынша, Костенко шахтасында апаттық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараны ауысыммен тоқтатпастан жүргізіп жатыр.

  - Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқарушыларының күші кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ қаза тапқандардың денесін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.


Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілер саны 36 адамға жетті

Новости партнеров