Бұл жағдай бойынша арнайы тексеріс өткізіп, нәтижесін халыққа жеткіземіз
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында 10 айлық сәбиге ыстық сумен клизма жасалу оқиғасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы мәселеге орай Қоғамдық денсаулықты бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшинге тапсырма бердім. Бұл жағдай бойынша арнайы тексеріс өткізіп, нәтижесін халыққа жеткіземіз. Стандартты бұзу немесе мейірбикелердің жұмысында тәртіп бұзушылық болса, арнайы жауапкершілік мәселесі шешіледі. Өзім бақылауда ұстаймын», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихаты барысында.
Айта кетейік, еліміздің бірқатар басылымы Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында 10 айлық сәби ыстық сумен клизма жасалғаннан кейін жансақтау бөліміне түскендігін жазған болатынбыз.