|
14.01.2021 | 12:45
8466

Алматылық маман жүктіліктің босанғанға дейінгі алгоритмі жөнінде айтты

Маманның айтуы бойынша, жүкті әйел жүктілігі 12 аптаға толғанға дейін есепке тұруы тиіс

 Алматылық маман жүктіліктің босанғанға дейінгі алгоритмі жөнінде айтты

Жүктіліктің босанғанға дейінгі алгоритмі жөнінде Алматы қаласындағы №36 Қалалық емханасының әйелдер консультациясының меңгерушісі, жоғары санаттағы акушер-гинеколог дәрігер Райхан Қалиева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маманның айтуы бойынша, жүкті әйел жүктілігі 12 аптаға толғанға дейін есепке тұруы тиіс. Бұдан УДЗ және көктамыр қанын гормондарға биохимиялық талдауға тұратын 12 апта жүктілігі кезіндегі бірінші скрининг Даун синдромы секілді тұқымдағы тұқым қуалайтын патология дамуының генетикалық қаупінің болуын, сондай-ақ, болашақ сәбидің денсаулығына әсер ететін факторларды және жүктіліктің салдарын анықтау үшін жасалады.      

Барлық генетикалық ауытқулар 13 апта алты күннен аспаған мерзімде анықталады. Сонымен қатар, есепке тұрар кезінде әйел барлық талдауларды тапсырады: жалпы несеп талдауы, жүктілерге қан тобын белгілеу, қанның сифилис инфекциясына, АИТЖ, В және С гепатитіне талдауы міндетті болып саналады. Осының қайсыбіреуінен оң нәтиже шыққан жағдайда дәрігердің кеңесін алу қажет. Жүктілігінің 16 аптасында әйел тексерістен өтуге келеді. Екінші скринингті әйел жүктілігінің 19-20 аптасында өтеді. Осы кезеңде тұқымның даму кемістіктері анықталады, мысалға, жүрек, несеп жүйесінің, асқазан-ішек жолының ауруларына тексерістен өтеді. Тексерістен соң босануға рұқсат беру мәселесі немесе жүктілікті үзу мәселесі туралы айтылады.

Келесі тексеріс 24-25 аптада жүргізіледі. 

«Осылайша айына бір рет әйел тексерістен өтуге келеді. Бұл бізге тұқымның қалыпты дамуы, мерзіміне сәйкес болуы, жүрек қағысының естілуін анықтап білу мүмкіндігін береді және де тұқымның қозғалуына тест жүргізіледі. 34 апта көрсеткіштері бойынша тұқым КТГ-сын жүргіземіз, бұл баланың жүрек қағысының сипаттамасы бойынша тұқымның жағдайын бағалаудағы заманауи әдістеме болып табылады», – дейді Райхан Қалиева.  

Үшінші скрининг жүктіліктің 30 аптасынан соң жүргізіледі, онда негізінде судың мөлшерін анықтайды, көбінесе судың көп немесе аз болуы бойынша тексеріс өтеді. Жүктіліктің 20-аптасында қойылған диагнозы, мысалы, бала жолдасының іргеде қалыптасуын көреді. Бала жолдасының іргелес қалыптасуы кезінде әйелді кесар тілігі операциясына дайындайтыны бәрімізге мәлім, себебі, қан кету қаупі туындайды.  

Егер де 30 апта мерзімінде аталмыш диагноз ауысса, диагноз алынып босануға рұқсат ету әдісі де өзгереді.

«Біздің емханада отбасын жоспарлау кабинеті бар, онда болашақ аналармен оларды босануға дайындау және сәбиді әрі қарай күту бойынша оқу сабағы өткізіледі. Қазіргі сәтте эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұндай оқу сабақтары ZOOM арқылы онлайн түрінде жүргізіледі», – дейді маман.  

Декреттік демалысқа шығуға қатысты Райхан Қалиева әйелдердің 30 апта жүктілігі кезінде ресімделетіні туралы атап өтті. Декреттік демалыс 126 күнге ұсынылады: ондағы 70 күн босанғанға дейінгі және 56 күн босанғаннан кейінгі ұсынылатын мерзімдер. Босанғаннан кейін денсаулық асқынған болса қосымша түрде тағы да 14 күн ұсынылады. Сондай-ақ, Райхан Қалиева COVID-19 диагнозы бар әйелдер (аурудың әлі уақытқа дейін зерттелмегені үшін және қауіп тудыруына байланысты) ауруханаға жатқызылатынын айтты. Ал, симптомсыз ауырып жүргендер үйлеріне барып емделеді.

«Егер бізге ЖРВИ белгісі бар әйел жүгінсе, оған үйде отыруға кеңес береміз. Ол әйелге біздің мобильдік бригада барып, ПТР тест жасалады. Тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайда жүкті әйелді терапевтке, тесттен оң нәтиже шықса емделуге инфекционистке жүгіну керек. Ал егер әйелде аталмыш жұқпа болса, ауруханаға жатқызылады», – деп сөзін қорытындылады Р. Қалиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир