Әуезов ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысы қашан аяқталады

dknews.kz
dknews.kz
Әуезов ауданында 18-ші емхананың жүктемесі көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуезов ауданында 18-ші емхананың жүктемесі көп. Оның 3 филиалында, медициналық қызметтер көрсетуге арналмаған үй-жайларында Таугүл-3, Мамыр, Қуаныш, Шабыт және Атамекен шағынауданында тұратын 30 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Өткен жылы наурыз айында Мамыр-1 шағынауданында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды (мердігер ұйым – «Шах» ЖШС). Қазір жұмыстар 80% жасалды, биыл наурыз айында толық аяқталуы керек»,– деді қала әкімі.  

Сондай-ақ Қуаныш шағынауданында №18 емхананың ауысымында 300 адам қабылдайтын жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмысы жалғасып жатқанын да атап өтті.

«Қазіргі уақытта жер учаскесінің иесімен құны келісілуде. Осы айдың соңына дейін жер учаскесіне бағалау жүргізіледі. Жер учаскесінің иесі оның сомасымен келіскен жағдайда, жер учаскесі сатып алынады (бюджетті бірінші нақтылағаннан кейін). Келіспеген жағдайда, жер учаскесі сотпен алынады»,– деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров