Алматыда медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр – Е. Бабақұмаров

 yandex.ru
yandex.ru
Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін Алматы әкімдігі колледжде оқу үшін 391 грантқа қаржы бөлді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін Алматы әкімдігі колледжде оқу үшін 391 грантқа қаржы бөлді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы жылы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша Жол картасын бекітті. Жол картасының іс-шаралары аясында өте тапшы дәрігерлік мамандықтар бойынша резидентурада оқу үшін 120 грантқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Резиденттерді оқыту 1 қыркүйектен басталды.

«Медицина кадрларының тапшылығы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған жаңа стационарлардың – 2 модульдік стационар және Дегдардағы Жекенова атындағы ГКИБ-нің филиалы 500 төсекке 10, сондай-ақ «Халық Арена» кешенінің және басқалардың ашылуы аясында туындады. Кейін, КВИ 4-ші толқыны кезінде 2 жатақхана, қонақ үй және т.б. базасында инфекциялық төсек-орындары ашылды, инфекциялық стационарлардағы жұмыс үшін төлемнің айырмашылығына байланысты МСАК ұйымдарынан инфекциялық стационарларға уақытша жұмысқа медицина кадрлары ауыстырылды», деді Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров.

Бүгінде тұрақтану қарқынына сәйкес КВИ-ді емдеуге тартылған көпбейімді стационарлар бұрынғы жұмыс ырғағына қайта оралды. Жоспарлы емдеуге жатқызу жалғасып жатыр.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада дәрігерлер тапшылығы 215 бірлікті, орта медициналық персонал – 400-ге жуық штаттық бірлікті құрады.

Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін олардың колледжде оқуы үшін 391 грантқа қаржы бөлінді.

Сондай-ақ КВИ-мен күреске тартылған қызметкерлерді ынталандыру бойынша іс-шаралар көзделген, мамандар үшін 10 пәтер бөлінді, 300 жас маман «Алматы Жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасына қатыса алды.

Новости партнеров