Алматыда оқу орындарында барлық сақтық шаралары жүзеге асты – Е. Бабақұмаров

Almaty.tv
Almaty.tv
Оқушылар арасында КВИ дертін жұқтырудың төмендеуі байқалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

COVID-19-дың алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында Алматы мектептерінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені өткізілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде Алматыда 75 (27,8%) мектеп бір ауысымдық, 194 мектеп (71,8%) екі ауысымдық, 1 мектеп (0,4%) – үш ауысымдық режимде жұмыс істейді (Алатау ауданы, №196 орта мектеп, 722 оқушы, офлайн + аралас форматта 655 оқушы, онлайндық режимде 67 оқушы).

Қалада 1 қыркүйектен бастап оффлайн форматта 287 265 оқушы оқиды, оның ішінде КВИ инфекциясы - 1287 жағдай тіркелген. (0,45%); онлайн режимде 19 128 оқушы оқиды, оның ішінде 1039 КВИ жағдайы (5,4%), барлығы – 2326 КВИ жағдайы тіркелген. Оффлайн форматта оқитын оқушылар арасында КВИ жұқтыру саны онлайн режимде оқитын оқушылар арасында жұқтыру жағдайынан 12 есе төмен, өйткені мектептерде шектеу шаралары орнатылған, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына бақылау жүргізіледі.

Жалпы, оқушылар арасында КВИ дертін жұқтырудың төмендеуі байқалады, егер тамыз-қыркүйек айларында тәулігіне КВИ жұқтырудың 100-ден астам жағдайы тіркелсе, қазіргі уақытта КВИ 38-46 жағдайға дейін төмендеді.

COVID-19-дың алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында мектептерде мынадай санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілді:

• бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған ғимараттарға жеке кіру есіктері бөлінген;

• әлеуметтік қашықтық белгілері жаңартылды, мектеп кіреберісінде қызметкерлер мен өзге де келушілерді тіркеу үшін Ashyq қосымшасының QR-кодтары бар (100%);

• зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесі жойылды;

• мектептер жуу және дезинфекциялау құралдарымен, санитайзерлермен қамтамасыз етілген, жалпы пайдалану орындарында (асханалар, дәліздер, спорт залдары)ауаны зарарсыздандыруға арналған рециркуляторлар орнатылады;

• әр ауысым алдында оқушылар мен қызметкерлердің күнделікті сүзгісін өткізу ұйымдастырылған;

• мектеп қызметкерлеріне толық екпе жасалды

«Эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізу үшін мектептерде білім басқармасының өкілдерімен бірлесіп мониторинг тобы жұмыс істейді. Мониторингтік топ 21 мектепті тексерді, Әуезов, Алатау және Бостандық аудандарының 5 мектебінде шектеу іс-шараларының бұзылуы анықталды, бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда», деді Алматы әкімінің орынбасары.

Е. Бабақұмаров сондай-ақ қалада вакциналауға жататын мұғалімдердің 100% егілгенін атап өтті.

Алматы әкімі орынбасарының айтуынша, жоғары оқу орындарында да осындай жұмыстар жүргізілуде. Қалада барлығы 37 ЖОО жұмыс істейді. 2021 жылғы 1-6 қыркүйек аралығында Алматыда онлайн оқыту режимінде ЖОО студенттері арасында КВИ-дің 149 жағдайы тіркелді.

Вакцинамен оқытушыларды қамту жалпы санынан 80% (17 496 адам), студенттерді 50% (92 433 студент). Жұмыс жалғасып жатыр.

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жатақханалары мен оқу корпустарында Ashyq жүйесі және термометрия арқылы кіру жүзеге асқан, дезинфекциялық режим күшейтілген, санитайзерлер мен рециркуляторлар бұрын орнатылған, медициналық бақылау күшейтілді.

Новости партнеров