Алматылық дәрігерлер балалар ауруларын алдын алу бойынша ата-аналарға қандай кеңес берді

rbk.ru
rbk.ru
Онлайн-сұхбатта COVID-19 індетін алдын алу шаралары туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №4 қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Омарова және қалпына келтіру медицинасының дәрігері, реабилитолог Айгүл Солтанбек COVID-19 індетін алдын алу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз қазір тұмауға қарсы вакцинаны белсенді жүргізіп жатырмыз. Барлығына қашықтықты сақтауды, емханаларға қажетсіз бармауды ұсынамыз. Емханалар жанында мобильді топтар жұмыс істейді. Пациенттер call-орталықтар арқылы оларды шақыра алады. Мобильді топ шығып, жағдайын бағалап, қажетті шараларды қабылдайды. Егер дене қызуы болса, үйде қалып, мамандарды шақыру қажет», –деді Зухра Умарова.

Қалпына келтіру медицинасының дәрігері Айгүл Солтанбек емхана жанындағы Салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлері ата-аналармен және балалармен алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

«Күзгі кезеңнің басталуымен тұмау, ЖРВИ және т. б. сияқты маусымдық аурулардың пайда болу ықтималдылығын қарастырамыз. Ең бастысы – тазалықты сақтау. Ал балаларға қатысты айтарымыз, оларға артық шаршауға жол бермеу керек. Сондай-ақ, күнделікті өмірді дұрыс қалыптастыру қажет – бұл толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Дене жаттығуларын орындау, соның ішінде көзге арналған жаттығулар жасау ұсынылады. Көптеген балалар онлайн оқып жатқандықтан, балалар бөлмесінде ауа алмасуды қамтамасыз ету маңызды», – деп қорытындылады А. Солтанбек.

Новости партнеров