Көру қабілетін сақтап қалды: дәрігерлер жас жігіттің көзіне кірген металл сынығын алып тастады

Online Marketing / Unsplash
Online Marketing / Unsplash

Орталық қалалық клиникалық аурухана арнайы құрылғылармен жабдықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне көз алмасының жарақатымен науқас түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқастың айтуы бойынша, жарақатты үй жағдайында алған, жиһазға арналған құрылғының металл қысқышы көзіне кіріп кеткен.

Офтольмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимованың айтуынша, мұндай жатақат көз алмасының жыртылуына, көз линзасының ығысуына, катаракта, глаукома, көздің шыны тәріздес қабатына қан жиналуы немесе тордың зақымдалуына (қан құйылу, ісіну, ажырау) әкелуі мүмкін.

Қажетті болған барлық тексерістен кейін дәрігерлер көз ішіне түскен затты шығарып алып жарақат орнын тігу отасын асқан шеберлікпен жасап шықты.

- Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көзінің көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң, біз науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық, себебі аталған отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды,- дейді дәрігер.

Көздің торлы қабатына жасалатын лазерлік коагуляция - торлы қабаттың зақымданған тұсын нүктелік әдіс арқылы лазермен нығайту. Лазер тінді қыздырады, әсер ету орнындағы ақуыз ыдырайды, коагулянттар («желім нүктелері») пайда болады және осылайша мембраналар бір-біріне жабыстырылады.

Осылайша, көздің торлы қабығы нығайтылады, зақымданған жердің қан айналымы мен нәрленуі жақсарады, тін арасына сұйықтық өтуінің алды алынады.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада мұндай отаны жасау үшін заманауи құрылғылар бар, олар түрлі дәрежедегі көз ауруын емдеуде озық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

- Көп жағдайда алып тастауды қажет ететін заттар көзге ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, слесарьлық және ағаш заттармен жұмыс істеу кезінде кіреді. Сол себептен де мен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қорғаныш көзілдірігін киюді ұсынамын, - деп қорытындылады дәрігер.

Оқи отырыңыз: Шымкентте ит талап, дәрігерге жүгінетіндер саны көбейді

Новости партнеров