Ғалымдар ковидтен ұзақ уақыт зардап шеккендердің үштен бірінде ішкі ағза жұмысының бұзылысы барын анықтаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымдар алғаш рет вирус жұқтырғаннан кейін ұзақ уақыт аурудан арыла алмаған науқастардың МРТ қорытындыларын зерттеді.
Ұзақ уақыт ауырғандар мен мүлде ауырмағандардың өкпесін салыстырғанда алғашқылардың миы мен бүйректерінің зақымдануы үш есе жоғары болған.
Өкпенің зақымдануы Covid-пен ұзақ уақыт ауырған науқастар арасында шамамен 14 есе жиі кездеседі, ал бүйрек пен ми жқмысының ауытқуы сәйкесінше үш және екі есе жоғары болған.
Көптеген органдардың зақымдану дәрежесі инфекцияның ауырлығына, жасына және басқа аурулардың болуына байланысты.
Оқи отырыңыз: Алматыға келетін шетелдік туристердің саны артқан