|
24.09.2023 | 16:54
507

Іле Алатауында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Жедел-құтқару жасағы қарапайым талаптарды сақтауға шақырады

Іле Алатауында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды Сурет:ТЖМ

23 қыркүйекте сағат 20:10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауында жоғалып кеткен екі жасөспірімнен хабарлама түсті. Жедел-құтқару жасағы  бірден жолға шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Зардап шеккендермен байланыс орнаттық, жасөспірімдер Кумбель шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналаған. Құтқарушылар жасөспірімдерге сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп болғандықтан, жастардың киімдері су болып қалған екен. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, сағат 5: 20-да тау басынан түсе бастады. Жас туристер Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастағаны анықталды. Алайда, жас туристтер уақытты есептемей, қараңғы түсе бастаған соң, жолды қысқартуға шешім қабылдаған. Олар жолдан шығып, адасып қалған. Алайда олар дер кезінде құтқарушыларға қоңырау шалып, таудағы лашық үйге барып, оны уақытша паналаған, - деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еске салады: тауға қарай бағыт алсаңыздар, оралу уақытын есептеңіздер, бағыттың көп бөлігін күндізгі уақытта жүріп өтіңіздер. Құтқарушыларды шақыру үшін мына нөмірлерді есте сақтаңыздар: 112 немесе 8(727)372-15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағы).

Оқи отырыңыз: Алматыға келетін шетелдік туристердің саны артқан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир