Алматыға келетін шетелдік туристердің саны артқан
Сурет: Максим Золотухин
Жарты жылда Алматыға 261,6 мың шетелдік турист келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыға келген шетелдік туристердің саны 72,6%-ға өскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға келген шетелдік туристердің саны 261,6 мың адамға немесе 72,6%-ға өскен.
- БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер легі артқан. Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік қонақтар саны 500 мың адамға жетуі мүмкін, - деп хабарлайды қалалық туризм басқармасы.
Ведомствода сондай-ақ қалаға келген ішкі туристердің саны 710,6 мың адамға немесе 24,6%-ға өскенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
14.11.2026 09:11