Алматылық клиникалар 7,5 млрд теңгеге консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетті

Алматылық клиникалар 7,5 млрд теңгеге консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетті
МСҚ Алматы тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 43,6 млрд тг төледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен 11 айда алматылық клиникалар халыққа 7,5 млрд тг КТ/МРТ сынды консультативтік-диагностикалық көмек түрлерін көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, МСҚ Алматы тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 43,6 млрд тг төледі. Халыққа көрсетілген қызмет ақысы оның сапасы мен көлемі толық тексерілгеннен кейін аударылады. Шын мәнінде көрсетілген, емдеуге қойылатын талаптар мен хаттама тәртібі сақталған қызметтер үшін ғана ақы төленеді.

«Мәселен, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады. Өткен 11 айда сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген КТ/МРТ, ПТР сынды т. б. қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе артты. 11 айда Алматы қаласы бойынша көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 7,5 млрд тг астам қаржы төленді», – деді филиал басшысы.

Шығынның басым бөлігі – 23 млрд тг астамы стационарлық медициналық көмекке тиесілі. Тағы 6,8 млрд тг жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 2,6 млрд тг стационарды алмастыратын көмекке, 305,7 млн тг профилактикалық тексерулерге жұмсалған.

«Сонымен қатар, биыл реабилитациялық қызмет түрлерін көрсететін клиникалар саны былтырғы 4-еуден 69-ға жетті. Яғни, МӘМС жүйесі бұрын жекелеген санаттарға ғана тегін көрсетіліп, көбіне азаматтардың қалтасынан төленіп келген медициналық қызметтерді қолжетімді етті», – деп қорытты Тілеухан Әбілдаев.

Новости партнеров