|
26.09.2022 | 14:54
884

Эпилепсия ауруын емдеуге бола ма

Алматыда білікті мамандар тәжірибе алмасты

Эпилепсия ауруын емдеуге бола ма Almaty.tv

Балалар нейрохирургиясында іштен туа біткен аурулар белең алып барады. Дәрігерлердің айтуынша,  бас ми және жұлын жарығымен туылатын сәби саны артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дерттің емін табу үшін әрі өзара тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан, Башқұртстан мен Ресейдің білікті мамандары Алматыда конференция өткізді. «Балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбы талқыланып, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

«Эпилепсия ауруын хирургиялық жолмен емдеу қазір жақсы дамып келеді. Бұл дерт дәрімен емдеуге келмейді. Бүгін мен жамбас зақымданған кезде жұлынды қалай жұмыс істету керектігі туралы айтамын. Форумға білгенімізді айтып, білмегенімізді әріптестерден үйренуге келдік», – деді Уфа қаласы Республикалық балалар клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айрат Тимершин.

Нейроонкология ауруы да көбейген. Дәрілер бұрын ми ісіктері балаларда көп болмайтын, қазір жиі кездесетін сырқаттың бірі екенін айтты. Жиын барысында сала бойынша дәрістер оқылып, ортақ емдеу протоколын енгізу жұмысы жүргізілді.

«Жас мамандарға мына нейрохирургияда тәжірибе алмасу жағынан жақсы алаң болды. Балалар нейрохирургиясы бізде ешкімнен кем емес. Жақсы дамып келе жатқан  сала», – деді Қостанай облысы балалар ауруханасының бас дәрігері Ұлықбек Асылбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир