Медицина қызметкері апатты жағдайда қалай әрекет ету керек - төтеншеліктер кеңесі

Almaty.tv
Almaty.tv
Сабаққа қаладағы 130-дан аса емхана мен ауруханының бас дәрігерлері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда медициналық мекемедегі қызметкерлерге жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге көмектесу және оларға психологиялық қолдау көрсету бойынша сабақ жүргізілді. Іс-шараны қалалық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бірлесіп ұйымдастырды. Оған қаладағы 130-дан аса емхана мен ауруханының бас дәрігерлері қатысты.

«Алдағы уақытта мұндай біліктілікті арттыру курстарын Алматы қаласындағы әрбір медициналық мекемедегі дәрігер мен медбикені оқыту жоспарда бар. Қала әкімінің тапсырмасына сай жүргізілген бағдарлама олардың жұмыс кезінде кез келген төтенше жағдайға дайын болуына мүмкіндік береді», – деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Данияр Хамзин.

Новости партнеров