|
15.07.2022 | 15:07
660

Сауд Арабиясында да маймыл шешегі анықталды

Бұған дейін Ресейде маймыл шешегі тіркелді

Сауд Арабиясында да маймыл шешегі анықталды english.alarabiya.net

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта шетелден келген адамның маймыл шешегіне шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауру жұқтырған адам қазір дәрігерлердің бақылауында және оған бекітілген медициналық процедураларға сәйкес көмек көрсетіліп жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар тексерілді, сынамалары сау екендіктерін көрсетті. 

Оларда аурудың белгілері де жоқ. Билік кез келген жағдайға дайын екенін мәлімдеп, халықты, әсіресе саяхат кезінде медициналық нұсқауларды орындауға шақырды. Бұған дейін Ресейде маймыл шешегі тіркелді. 

«Роспотребнадзордың» баспасөз қызметі мәлім еткендей, науқас Еуропа елдеріне саяхаттап келген. Сондай-ақ Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия маймыл шешегінен сақтану керектігін ескертті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир