Дамуында ақауы балаларды қоғамға қалай бейімдейміз

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Астанада сарапшылар арнайы жиында бас қосты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 16 мың 700 балада аутизм спекторының бұзылуы байқалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегінше, әрбір 36-шы балаға және 45-ші ересек адамға осындай диагноз қойылған. 17 сәуірде Астанада аталған ауруға шалдыққандарды қоғамға бейімдеу әдістері талқыланды. Келелі кездесуге АҚШ, Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің сарапшылары қатысты. Жиында аутизм спектрі бұзылған балаларды қоғамға қосу, осы бағыттағы озық тәжірибемен алмасу мәселелері қаралды.

- Конференцияда ерекше балалармен жұмыс істеуде ғылыми дәлелденген әдістерді қолдану тақырыптары, әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы бағдарламаларды бейімдеу, кәсіптік білім беру мәселелері, аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың құқықтық сауаттылығы, ерте диагностика, оңалту және түзету мәселелері қозғалды. Біз аутизм тақырыбына қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін диалог, білім беру алаңын ұсынуға қуаныштымыз, - деді «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы балабақшада ерекшелік көп - ресейлік ғалым

Новости партнеров