|
04.07.2024 | 15:19
318

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға Инчхон қаласынан дәрігерлер делегациясы келді

Мақсат – мамандардың өзара тәжірибе алмасып, медицина саласының дамуына жол ашу

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға Инчхон қаласынан дәрігерлер делегациясы келді Almaty.tv

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында ынтымақтастық нығайып келеді. Күні кеше Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға Инчхон қаласынан дәрігерлер делегациясы келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Оңтүстік Кореяның 12 жетекші ауруханасы, соның ішінде Инчхондағы 5 мамандандырылған медициналық мекеменің дәрігерлері қатысқан. Қонақтар эндопротездеу, кардиология, рентген- эндоваскулярлық хирургия, оңалту бөлімдерін аралап, жұмыс барысымен танысты. Мақсат – мамандардың өзара тәжірибе алмасып, медицина саласының дамуына жол ашу.

«Медицина бір орында тұрмайды, үнемі дамуда. Сондықтан біз басқа елдермен, әсіресе, көрші Азия елдерімен қарым-қатынаста болуымыз керек», – деді №4 қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Темірхан Қожахметов.

Оқи отырыңыз: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден спортшылар қатысады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир