Астанада әлем елдерінің басын біріктіретін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастыру алқасының сөзінше, аталған іс-шараны өткізетін ғимараттардың басым бөлігі сақадай сай. Ауқымды басқосу «Алау» мұз сарайы мен «Астана Аренада» өтеді. Ал көшпенділер ойындарының басты мақсаты - ұлттық спорт пен мәдениет арқылы әлем елдеріне терең тарихымызды дәріптеу,- дейді ұйымдастырушылар.
«АҚШ, Канада құрамалары, Оңтүстік Америкадан келетін қонақтарымыз да ол тізімінің ішінде бар. Қазақстанның жеңіл атлетика спорт кешенінде презентация өткізіп жатырмыз», – деді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!