Алматы қаласының интервенциялық кардиологтары мен рентгенхирургтары үшін шеберлік сағаты өтті

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Шеберлік сағатына күрделі ауруы бар 2 пациент іріктелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының интервенциялық кардиологтары мен рентгенхирургтары үшін шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өткен шеберлік сағатына РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология Ұлттық медицина зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Юрий Матчиннің қатысты.  Мамандар коронарлық артерияларды тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу тақырыбын 

ҒЗИ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Роза Куанышбекованың айтуынша, клиника басшылығы мамандардың кәсіби жағынан өсуі, жаңа білім мен дағдыларды игеруі үшін қажетті жағдайларды жасап жатыр.

"Пациенттер сапалы көмек алуы үшін, сондай-ақ медицина саласындағы инновациялар туралы хабардар болуы үшін тек қана дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар орта медицина персоналы да үнемі өздерінің біліктіліктерін арттырып, әріптестерімен тәжірибе алмасады", - дейді Роза Тохтанәлиқызы.

"2022 жылдың басында біз рентгенэндоваскулярлық операциялық блокты жаңарттық, тағы бір рентген оперблокты аштық. Ең жаңа жабдықтарды сатып алдық. Олардың бірі - ангиографтарға орнатылатынPhillips Volkano Core Mobile мобильді нұсқасы. Ол Алматы қаласы бойынша тек біздің клиникада ғана бар. Бізде бірнеше жыл бойы  коронарлық артериялардың тамырішілік ультрадыбыстық зерттеулері жүргізіліп келеді. Бірақ бүгінгі күнде жабдықтың жаңа үлгісін қолдана отырып, мәскеулік әріптестің басшылығымен біз алғаш рет операция жасаймыз", - деп ҒЗИ бірінші басшысы өз ойымен бөлісті.

"Тамырішілік визуализация клиникалық практикада бұрыннан қолданылып келеді. Жаңа технологиялар арқылы коронарлық артериялардың жағдайын мейлінше мұқият бағалауға болады. Ол арқылы тек қана емдеуді қажет ететін зақымдануды ажырата аламыз. Осындай процедураның көмегімен аса күрделі отаны қолқакоронарлық шунттауды араластырмауға болады. Пациентті келесі күні ауруханадан шығаруға болады", - деді Юрий Матчин.

"Коронарлық артериялардың тамырішілік ультрадыбыстық зерттеулерін қолдану асқынуға әкелетін және пациенттің өміріне қауіп төндіретін стент тромбозының қаупін азайтады. Осы әдістің арқасында біз коронарлық артерияларды ішкі жағынан көре аламыз.  Артерияға диаметрі шамамен 1 мм болатын арнайы ультрадыбыстық датчик жіберіледі және артерия диаметрін 0.1 мм дәлдікпен өлшеуге, тиісті стент мөлшерін таңдауға, имплантацияланған стентті бағалауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді клиниканың рентгенэндоваскулярлық оперблогының басшысы Алексей Колесников.

Диагностиканың осы әдісінің жалпы қарсы көрсеткіші жоқ.

Коронарлық артериялардың тамырішілік ультрадыбыстық зерттеуі, ең алдымен, коронарлық арнаның ауыр зақымдануы және коронарлық артерияның сол жақ діңгегінің зақымдануы бар пациенттерге көрсетіледі.

Шеберлік сағатына күрделі ауруы бар 2 пациент іріктелді. Екеуіне де қолқакоронарлық шунттау қажет, алайда тамырішілік УДЗ жүргізгеннен кейін оларға осындай операция жасау қажет болмайды.

Новости партнеров