|
01.07.2022 | 16:27
2172

Қазақстан Орталық Азиядағы медициналық туризмнің орталығына айналмақ

Президент Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысына жоғары баға берді

Қазақстан Орталық Азиядағы медициналық туризмнің орталығына айналмақ Almaty.tv

Қазақстан Орталық Азиядағы медициналық туризмнің орталығына айналмақ. Президент елордада өтіп жатқан халықаралық нейрохирургия форумына жолдаған құттықтауында еліміздегі Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Медициналық мекеме өткен жылы өңірде алғашқылардың бірі болып "гамма-пышақ" радиохирургиялық қондырғысын іске қосты. Нәтижесінде 500-ге жуық аса күрделі операция жасалған. Айта кетейік, бас қалада ұйымдастырылған халықаралық форум және кинофестиваль жұмысына шетелдің 15 елінен 200-ден аса атақты ғалым қатысып жатыр.

«Сапалы медициналық көмек көрсету, өлім-жітім санын азайту, мүгедектіктің алдын алу үшін Ұлттық нейрохирургиялық орталықтың базасында инсульт мәселесі бойынша республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар елде 50-ден астам нейрохиргиялық бөлімше және барлық аймақта инсульттық орталық бар. Бүгінгі шара нейрохирургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға септігін тигізеді деп сенеміз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.


Оқи отырыңыз: «Шешімі барда» түрлі мәселе көтеріліп, түйіні шешіледі – Дәнеш Асқарбекұлы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир