Алматыда экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиында көтерілген негізгі мәселе – азық-түлік бағасының өсуін тежеу. Әсіресе қанттың қымбаттауын тілге тиек етті. Іс-шараға қатысқан депутаттар мен Аманат партиясының өкілдері дүкендерді аралап, мониторинг жүргізбек.
«Дүкендерді ақшалай қолдау әлі шешімін таба алмай жатыр. Өздеріңіз білесіздер азық-түлік 30-40 пайызға дейін өсіп кетті. Оны қадағалайтын механизм әлі табылмады. Сондықтан осы механизмді тауып, халықтың жағдайын жақсату», – деді қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов.
Оқи отырыңыз: «Шешімі барда» түрлі мәселе көтеріліп, түйіні шешіледі – Дәнеш Асқарбекұлы