Алматылық медбике өмірінің 30 жылын сүйікті жұмысына арнаған

Алматылық медбике өмірінің 30 жылын сүйікті жұмысына арнаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін – Халықаралық мейірбике күні. Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл күні ақ халатты мейірбикелер құрметке бөленеді. Осы мамандықтың арқасында 33 жылдан бері сәбилердің дүниеге келуіне көмектесіп келген Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қабылдау бөлімінің аға медбикесі Ләззат Кембайқызы. 

Ол кез келген жағдайда өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады. Мәселен, жүкті әйелдерді жеделсатыда, жедел жәрдем көлігінде босандырған кездеріде болған.

«Босанғалы тұрған әйелді тек жедел жәрдем көлігінен түсіріп қана үлгерді. Біз жүгіріп шығып көмек көрсеттік. Суық тимесін деп көрпе әкеліп, әйелді жан-жақтан жауып тастадық. Осылай сырғытқының үстінде босандырып алдық. Ұжым қызметкерлеріне рахмет, жұмысымызды жақсы атқарып шықтық», - дейді Ләззат Кембайқызы.

«Акушер болғаныма мүлде өкінбемін. Көп нәрсе біздің қабылдау бөліміндегі жұмысымызға байланысты. Бізге ауыр халдегі науқастар жиі келеді. Мұндай жағдайларда тез әрекет етіп, көмек көрсету керек, өйткені ананың да, баланың да өмірі осыған байланысты»,  деп сөзін толықтыра кетті.

P.S. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы Ләззат Кембайқызын Халықаралық медбикелер күнімен құттықтап, зор денсаулық және жеке өміріңізге амандық тілейді.

Новости партнеров