Бала түрлі дене жарақатын алған
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, бала түрлі дене жарақатын алған.
«31 шілдеде ауруханаға 2017 жылы туған науқас жеткізілді. Бала нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Ол жансақтауда ем қабылдап жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.