Қан айналу жүйесі: алматылық дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қалды

УОЗ
УОЗ
Науқас қауіпсіз әрі нәтижелі ем алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық дәрігерлер ер адамның жүрек қан тамырларындағы қан айналымын қалыпқа келтіріп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқарма баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының рентгенхирург дәрігерлері  ауыр жағдайда түскен  науқасқа өте күрделі ота жасады.

- Мен жеке клиникаларға барып көрдім, онда маған коронография жасап, Астана қаласында жақсы дәрігерге, аортокоронарлы шунттау - күрделі ашық отаны жасату жөнінде кеңес берді. Мен Астанаға жолға шығуға дайындалып жүрген едім, алайда денсаулығым күрт нашарлап мені жедел жәрдем 12 қалалық ауруханаға алып келді. Астана қаласында ашық ота жасатуға барудың орнына осы аурухананың рентгенхирург дәрігерлері маған шағын инвазивті әдіспен ота жасайтынын естігенде қатты таң қалдым. Аурухана дәрігерлеріне кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіремін. Мен өзім де дәрігермін және мұндай қиын шешімді қабылдау  дәрігерлерге оңай  болмағанын түсінемін, бірақ олар жақсы нәтиже көрсетті, - дейді емделуші Александр Ню.

ОҚКА рентгенхирург дәрігері Ержан Құттығожиннің айтуынша, тексеруден кейін олар сол жақ қарыншаның көп бөлігін қанмен қамтамасыз ететін коронарлық артерияның тарылуын анықтап, балама шешімге келді - тері ішілік екі стентті имплантациялау үшін - тарылған артерияның люменін кеңейтетін және қолдайтын арнайы түтіктер қою арқылы ота жасау.

- Бұл өте күрделі әрі жауапкершілікке толы қадам болды, бірақ ашық ота жасаудың және миокард инфарктісінің алдын алуға мүмкіндік бере отырып, науқастың отадан кейінгі қалыпқа келу уақытын айтарлықтай қысқартты. Ота 40-50 минутқа созылды және сәтті аяқталды,- дейді маман.

Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесінің арқасында науқас қауіпсіз әрі нәтижелі ем алды.

Бұл жағдай медицинаны үздіксіз дамыту мен жетілдіру адамдарға олардың ең қымбат дүниесі – өмірін сақтап қалуға көмектесетінін тағы да еске салды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасөпірімнің жақ сүйегі мен бетіне ота жасалды

Новости партнеров