Астанада екі емхана қызметкері ұсталды

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Елордалық емханалардың бірінің дәрігерлері жалған еңбекке жарамсыздық парағын 2500 теңгеден сатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық полиция қызметкерлері жалған еңбекке жарамсыздық парағын сатқан екі медицицна қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik қалалық Полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, медициналық анықтаманың бір күні 2500 теңгеге бағаланған. Алайда тәртіп сақшылары жалған еңбекке жарамсыздық парағы қай емханада сатылғаны жайлы ақпарат берген жоқ.

«15 ақпан күні қалалық емханалардың бірінде «Бақылап сатып алу» әдісімен жалған еңбекке жарамсыз парақтарын сату дерегі анықталған. 10 мың теңгеге жалған медициналық парақты сатып жатқан жерінде бас медбике мен емхана дәрігері ұсталды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған парақтарды сатуға көмектескен қала тұрғынын қолға түсірген. Ол делдал қызметін атқарған.

Медицина қызметкерлерінің жұмыс орнын тексеру барысында пациентті жергілікті мекен-жайы бойынша тіркеу жөніндегі медициналық сұратым, дәрігерлердің қолы қойылған және қалалық аурухананың мөрі басылған еңбекке жарамсыздық парағы тәркіленген.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталған медицина қызметкерлері кінәсін толық мойындаған, оларға қатысты «міндетті түрде келу» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Астана қаласының полициясы тұрғындарға жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.


Новости партнеров