|
18.02.2019 | 20:03
10625

«Технодом» қызметкерлері: «Көкжайлауға» қатысты ешқандай сауалнама жүргізілген жоқ

Компания қызметкерлері өздері туралы таралған ақпаратты жоққа шығарды

«Технодом» қызметкерлері: «Көкжайлауға» қатысты ешқандай сауалнама жүргізілген жоқ

«Көкжайлау» тау-шаңғы курорты жайлы көптің пікірі қандай? Аталмыш демалыс орнының жобасы жайында қисынсыз, кереғар ақпарат тарату әлі де жалғасуда. Кей белсенділер тіпті, бүтін бір компанияның үлкен жобаға қарсы шыққанын айтып, жар салып қойды. Ақпарат журналист Вадим Борейконың жеке парақшасынан алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Журналист Вадим Борейконың мәліметі бойынша «Технодом» компаниясының барлық қызметкері, яғни 7 мыңға жуық адам Алматы маңындағы құрылысы жоспарланған жаңа курорттың салынуына қарсылық білдірген-міс. Вадим Борейко бұл мәлімдемені «Технодом» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Шынар Жәнібекованың өз аузынан естісе керек. Алайда, аталған  компания қызметкерлері «Көкжайлауға» қарсы бастама туралы білмейтін болып шықты. Жаңа демалыс аймағына қатысты олардың пікірін ешкім сұрамағанын, ешқандай анықтамалық сауалнама  жүргізілмегенін мәлімдеді, ал курорт құрылысын, керісінше, қолдайтындарын жеткізді.

«Денсаулыққа пайдалы сондай демалыс орындарының көптеп салынғаны қайта жақсы емес пе?..», «Балалармен бірге қыдырып, демалып барғанға жақсы ғой. Мен қайта, Көкжайлау курортының салынғаны дұрыс шешім деп ойлаймын. Қалай болғанда да, қала тұрғындарында таңдау болғаны жөн ғой. Оның үстіне, бағасы да әжептәуір арзан болады дейді. Алайда, біздің компаниямыздың басшылығы тарапынан курорттың салынуына қарсы қызметкерлер арасында қандай да бір сауалнама жүргізгенін естіген де, білген де емеспін», – деп пікір білдірді компания қызметкерлері.  

Компания жетекшісі жариялаған үндеуге қатысты «Технодомның» колл-орталығына хабарласқанымызда, желідегі операторлар компания қызметкерлері арасында жүргізілген сауанамадан хабарсыз екендерін айтты. «Алматы» телеарнасы «Технодом» акционерлік қоғамы басшылығына арнайы сауалхат жолдады.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир