Тегін инсулиндерді Өзбекстанға сатқандардың кім екені анықталды – Елжан Біртанов

Тегін инсулиндерді Өзбекстанға сатқандардың кім екені анықталды – Елжан Біртанов
Өкінішке қарай, біз олардың аты-жөндерін жария ете алмаймыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қант диабетіне шалдыққан қазақстандықтардың еміне арналған инсулинді Өзбекстанда кім сатқаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Алайда, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тергеу жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты олардың аты-жөнін атамады.

Министр осындай жайттар қайталанбас үшін еліміздегі наркологиялық, психиатриялық, туберкулезге қарсы диспансерлер мен адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы орталықтарында құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатқанын айтты.

Еске салсақ, өткен жылы қант диабетіне шалдыққан отандастарымыз ем-дом препараттарының аздығына наразылық білдірген болатын. Кейін Бас прокуратура дәрілерді заңсыз саудаға салғандарды анықтап, олардың үстінен 28 қылмыстық іс қозғаған еді.

«Өзбекстанда табылған қазақстандық инсулинге қатысты тергеуге бастамашылық жасағынымызды білесіздер. Қазіргі уақытта аталған инсулинді сатқандар анықталып, олардың үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өкінішке қарай, біз олардың аты-жөндерін жария ете алмаймыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Новости партнеров