Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жіті коронарлық синдроммен 56 жасар науқас жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеру барысында ер адамға бұдан бұрын 2017 жылы аорта коронарлық ұштастыру секілді ашық ота жасалғаны анықталды. Науқаста 3 шунт бар. Жергілікті жансыздандыру арқылы дәрігерлер коронароангиография - яғни, жүрек тамырларының шағын инвазивті зерттеу жүргізіп, нәтижесінде оң жақ коронарлық артериясынан тамырлық шунт тромбы анықталған.
«Біз оң жақ коронарлық артерия шунтынан оның тромбозын анықтадық. Миокардтың артқы қабырғасындағы қан ағысын қалпына келтіру мақсатында, біз тамырлық шунтты стенттеумен аспирациялық катетердің көмегімен тромбтық массаға аспирация жасадық. 4,5 мм диаметрлі 2 стентті импланттап, қан ағымын толығымен қалпына келтірдік. Осылайша, науқаста миокардтың жіті инфарктың алдын алдық. Науқасқа уақытында жедел жәрдем шақырылды, тасымалдау кезінде оған жедел жәрдем бригадасымен барлық қажетті терапия көмегі көрсетілді. Стационарға жатқызған кезде тамырға коронарлық хирургиялық араласумен операция жүргізу үшін рентген түсірудің арқасында ауыр синдромның алды алынды», - деді интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ержан Құттыгожин.
Операциядан соң науқас жансақтау бөліміне ауыстырылып, сол күні жай-күйі тұрақтанғаннан кейін кардиология бөлімшесіне ауыстырылды. 7 күн емделген соң науқас қанағаттанарлық күйде ауруханадан шығарылды.
Ержан Құттыгожин жүрек талмасы мен инсультты болдырмау амалын атап өтті. Оның айтуынша аурудың алдын алу - дұрыс тамақтану, үнемі дене шынықтырумен айналысу, ішімдік және темекі шегуден бас тарту, оның үстіне жүрек аурушаңдығы, жоғары қантамыр қысымы, холестериннің жоғары деңгейде болуы және қанның құрамында қанттың жоғары болуы факторлары тексеріліп, бақылауға алынуы қажет. Бұл үшін үнемі профилактикалық тексерістен өту керек.