Қазақстандағы коронавирус жөніндегі қауесет расталмады

Қазақстандағы коронавирус жөніндегі қауесет расталмады
Мәлімдемені еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда мен Жамбыл облысындағы науқастардан коронавирус табылған жоқ. Осы реттегі мәлімдемені еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қызылордадағы жағдай. Науқас дене қызуымен және бас аурымен ауруханаға түсті. Сұрау барысында анықталғандай, сырқат жуынған соң вагонда ашық терезе астында ұйықтап қалғандығы белгілі болды. Ол Хайнань аралынан оралғандықтан, бөлек боксқа оқшауландырылды. Қазіргі уақытта пациент жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шағымданбайды, температурасы жоқ, барлық қажетті диагностика жүргізілуде», - деді ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Жамбыл мен Алматы облыстарындағы науқастарда да аса қауіпті жұқпа расталмады. Жалпы 35 адам ауруханаға бөлек бокстарға жатқызылды. Олардың басым бөлігінде жіті респираторлық вирустық инфекция ғана анықталған. Бұдан бөлек, науқастар тұмау мен паратұмауға шалдыққаны белгілі болды.

«Олардың 22-сі жіті респираторлық вирустық инфекция, біреуіне бір мезгілде тұмау және пара грипп диагнозы қойылды. Осылайша 27 адамға маусымдық сырқат анықталды. Қалған сегіз адамды және бұдан кейін сырқаттанғандарды бақылау үшін сынамаларды алып, Алматыдағы Әйтембаев ұлттық инфекциялық ғылыми орталығына жібереміз. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПЦР диагностикалау әдістемесін игергенін айта кеткім келеді», - деді ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Новости партнеров