|
30.10.2019 | 20:28
2780

Республикалық штаб жиналысында Алматының денсаулық сақтау саласын дамыту талқыланды

Штаб жиналысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты бөлім жетекшілері мен республикалық ғылыми медициналық орталықтардың және қалалық медициналық ұйым басшылары қатысты

Республикалық штаб жиналысында Алматының денсаулық сақтау саласын дамыту талқыланды

Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасы базасында ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Л.Ақтаева мен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аймақтық штабтың бас дәрігерлерімен жиналыс өткізді, онда медициналық қызметтердің сапасы жайлы өзекті мәселелер қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Штаб жиналысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты бөлім жетекшілері мен республикалық ғылыми медициналық орталықтардың және қалалық медициналық ұйым басшылары қатысты.

Қатысушылар бірқатар мәселелерді талқылады, сондай-ақ медицинаның түрлі салалары бойынша сараптама мен ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы биылғы жылдың 9 айы бойынша жаңа туған сәбилердің шетінеуі, инсульт қызметінің қазіргі жағдайы, қатерлі ісік аурулары мен қаладағы жедел жәрдем қызметінің жағдайы сөз болды.

Жиналыс барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева республикалық штабтың отырысы – қатемен үнемі жұмыс істеу екенін ерекше атап өтті.

«Оқу процесі үздіксіз. Көшпелі штабтың отырысы – қатемен үнемі жұмыс істеу. Яғни, белгілі бір дефектілер шықса, аудит өткізіліп, жетекшілермен ашық әңгіме жүргізілуі тиіс», - деді вице-министр Ләззат Ақтаева.

«Барлық орындалмаған көрсеткіштерді тиянақты қолға алу керек. Тек үйлестірілген бірлескен іс-әрекеттер мен соңғы нәтижеге ұмтылыс қана медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартудың барлық міндеттерін шеше алады», - деп,  Е. Бабақұмаров бас дәрігерлерге халықпен тығыз қатынас орнатуға кеңес берді.

Республикалық штаб жиналысының қорытындысы бойынша, Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың 29 қазанда Алматыда өткен жиналыста МӘМС механизмін енгізу есебінен мегаполистегі денсаулық сақтау саласын жақсарту тұрғысында берген тапсырмасын жүзеге асырудың кешенді жоспары түзілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир