|
10.11.2022 | 20:16
8439

СҚО-да қызамықпен сырқаттанғандар саны күрт өскен

Қызамық ауа арқылы жұғады

СҚО-да қызамықпен сырқаттанғандар саны күрт өскен medaboutme.ru

Солтүстік Қазақстан облысында қызамықпен сырқаттанғандар саны күрт өскен. Биыл Петропавл қаласында 421 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 11 есе артқан. Мамандардың айтуынша, індет жұқтырғандардың 98 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Өңірде қызамық дертіне қатысты жағдай тұрақсыз. Тез таралатын ауру түріне арнайы вакцина жоқ екен. Сондықтан дәрігерлер індетті оқшауламаса, салдары ауыр болуын ескертті. Сырқаттанғандардың басым бөлігі мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылар екен.

«Қызамық ауруы балалар арасында көп тіркелді. 57 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге баратындардан анықталса, 25 пайызы мектеп оқушылары құрайды. Дерт балабақшадан шықса, сол топ 7 күнтізбелік күн ішінде карантинге жабылады», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Серік Аусатов.

Қызамық ауа арқылы жұғады. Инфекциялық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, дене қызуы бар балалар ғана станционарларда ем қабылдайды. Солтүстік Қазақстан облысының көпсалалы балалар ауруханасында қызамық жұқтырғандар едәуір өскен. Өткен жылы 6 жағдай тіркелсе, биыл көрсеткіш 43-ке жеткен.

«Асқынбаған қызамықты педиатрлар амбулаторлық негізде емдейді. Дәрігер науқасты 10 күн үйіне барып, бақылайды. Ата-аналарға ескертетінім, ауырған баланы емханаға апарып, ұзақ кезекте отырудың қажеті жоқ. Басқаларға жұқтыру қаупі жоғары.  Тек сонда ғана ауру саны азаяды», – деді СҚО Көпсалалы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Елена Коптяева.

Былтыр Петропавлда 36 адам қызамықпен ауырса, биыл сырқаттанғандар саны 421-ге жеткен. Ал облыс бойынша 476 жағдай тіркеліп отыр.

Нұргүл Алина, Азамат Елубаев, «Алматы» телеарнасы, СҚО-дан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир