Жандарбек Бекшин Алматыға Уханнан келген ұшақ туралы айтты

ortcom.kz
ortcom.kz
Біздің азаматтармен еш байланысымыз болмады, бортқа ешкім көтерілген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ухан қаласынан Алматы әуежайына қонған ұшақ туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл рейстен хабарымыз бар. Онда вирус жұқтырған жолаушының болғандығы туралы ақпарат жоқ. Халықаралық алгоритм бойынша ұшақ біздің әуежайға қонды және біздің бақылауымызда болды. Одан кейін ұшақ санитарлық қонуға жіберілді. Онда жанармай толтырылды, бұл ұшақтың бір де бір ұшқышы немесе жолаушысы Қазақстан аумағына кірген жоқ», - деді Жандарбек Бекшин СҚ «Фармация» алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, ұшақ люктері жабылып, дезинфекция жүргізілген.

«Бірақ бұл шамадан тыс шаралар болды - егер ұшақ 12 мың метр биіктікте ұшса, мұндай төмен температураға ешқандай вирус төтеп бере алмайды. Біздің азаматтармен еш байланысымыз болмады, бортқа ешкім көтерілген жоқ», - деді Ж. Бекшин.

Еске сала кетсек, «Ыстанбұл — Ухан — Ыстанбұл» бағыты бойынша, бұрын коронавирус жұқтырған жолаушы отырған ұшақ Алматы әуежайына қонып, жанармай толтырды. Осыған байланысты әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Новости партнеров