Биыл қыркүйекте папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады. Вирустың бұл түрі жатыр мойны қатерлі ісігін жиі тудырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір әлемнің 130-ға жуық елінде папилломаға қарсы екпе тұрақты түрде жүргізіледі. Алматы онкологиялық орталығының мамандары Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен жиында осылай деді. Білім ордасында ұйымдастырылған профилактикалық іс-шара аясында білікті дәрігерлер студенттерге жатыр мойны обыры, сүт безінің қатерлі ісігі жайлы түсінік беріп, алдын-алудың маңызын ескертті.
– Осы жылдан бастап ақпарат беру мәселесіне кірістік. Басты мақсат – болашақ мұғалімдерге, мамандарға жатыр мойны обыры, сүт безінің қатерлі ісігі жайлы түсіндіру, – деді Алматы онкологиялық орталығы Онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова.
– Алматының онкологиялық орталығынан мамандарды арнайы шақырып, теория жағынан да, практика жағынан тәжірибе бөлісіп жатыр. Қыздарға ақпарат айтып, аурудың алдын алу шараларын айттық, – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректоры Жанар Рысбекова.
Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер салмағы 1 кг сәби мен оның анасын аман алып қалды