Жұмбақ өлім: Жетісу облысындағы жатақхананың бірінде студент көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv

Қара жамылған отбасы жағдай сұрауға жарамаған оқу орнына наразы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында 16 жастағы студент жұмбақ жағдайда көз жұмды. Оқиға Талдықорған қаласындағы колледж жатақханаларының бірінде болған. Бойжеткеннің нендей себептен ажал құшқаны әзірге белгісіз. Қара жамылған отбасы жағдай сұрауға жарымаған оқу орнына наразы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы жағдай 28 ақпанда болды. Қаза болған қыз – Талдықорған Инновация колледжінің 1 курс студенті 16 жастағы Зарина Берікова. Анасы «қызым біреулерден жәбір көрді ме?» деп күдіктенеді. Себебі сол күні бойжеткен ата-анасымен кездесіп, түстен кейін жатақханада қалған. Кешкі сағат 20:30-да анасына куратор хабарласып, қыздың өзін жайсыз сезініп тұрғанын, бірақ алаңдауға негіз жоғын айтқан.

– Куратор звондады. Алқашқы көмек көрсетті ме, білмеймін? Күліп-ойнап жүрген қаршадай қызымнан сол күні айырылып қалдым. «Тексеріп жатырмыз» деп кіргізбеді. Шу шығарып кірдік, қызым о д.ниелік болып кетіпті, – деді марқұмның анасы Жазира Тоғасбаева.

Өрімдей өренімнен айырылдым деген ана жанын қоярға жер таппай жүр. Зарина – үш ұлдың ішіндегі жалғыз қыз.  Ал оқу ордасы қайғылы жағдайдан кейін хабарласып, мән-жайды түсіндіруге жарамапты. Тек студенттің өліміне улану себеп екенін айтқан.

– Қолымдағы бар ақшамды бердім, ұнатқан киімін алыпты. Сол күні сағат 19:05-те сол киімімен видеосын жіберді. Өлетіндей емес, күліп жүрді. «Уланып қалды»  дейді, сенбеймін, – деді марқұмның анасы Жазира Тоғасбаева.

Ал оқу орнындағылар «Заринаның сабақ үлгерімі жақсы. Тәртібіне шағым болмады» деп мәлімет берді. Ұзтаздарын көңіл-күйі көтеріңкі жүретін студенттің өлімі алаңдатып отыр.

– Зарина группасында 2-3 қызбен ғана араласатын. Басқа қыздармен де сөйлесіп жүретін. Жатақханада да солай. Қыздардың арасында оғаш қылығы болмады. Сол күні Заринаның көңіл күйі жақсы болған. Қыздардың арасында ешқандай кикілжің болған жоқ, – деді Талдықорған инновация колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Маржан Битілеуова.

Арада 1 айдан аса уақыт өткенде полиция Зарина Берікованың өліміне қатысты тергеуді бастады.

– Талдықорған полициясы қажетті сараптамаларды тағайындау мен қылмыстық істі қозғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық пен заңның басқа да заңбұзушылықтарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша Жетісу облысының Білім басқармасына ұсыныс шығарылды, – деді Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрболат Шаму.

Бала күнінен білім мен мәдени өмірде белсенді болған қыздың қазасына ненің әсер еткенін білмей, ата-ана аһ ұрып отыр. Олар бауыр еті баласының мұғалім болуды армандағанын айтты. Істің ақ-қарасын ажыратып беруді сұраған азаматтар қыздың уланып, көз жұмғанына сенбейді.

Диана Тұрлыбек, Мирас Анитов, «Алматы» телеарнасы, Жетісу облысы

Оқи отырыңыз: Көз жұмған қос бүлдіршіннің анасы күдікті деп танылды

Новости партнеров