|
08.07.2022 | 19:52
6727

Дер кезінде шешім қабылдамаған соң әкем инсульт алды: дәрігерлер мән-жайды түсіндірді

Арнамызға шағымданған азамат кінәлілерді сотқа беруге дейін барамын дейді

Дер кезінде шешім қабылдамаған соң әкем инсульт алды: дәрігерлер мән-жайды түсіндірді Almaty.tv

«Дәрігерлердің дер кезінде шешім қабылдамауынан әкем инсульт алды». Осындай шағыммен арнамызға хабарласқан азаматша онсызда бүйрегі істен шыққан адамды облыстық клиникалық аурухана екі сағат бойы қабылдамай далада ұстады деп жыларман болып отыр. Сөйтіп 60 жастағы Балқаш ауданының тұрғыны Талғардағы аурухананың жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Almaty.tv тілшісі Әлібек Шынтемір тарқатсын.

Оқиға болған жерден:

Науқастың ағасы:

- Міне,  мында алып келіп едім бауырымды, екі сағат болды далада тұрғаныма жедел жәрдеммен. Міне, мыналар қабылдамай,  бауырымның жағдайы осындай болып қалды. Өзі гемодиализдің аппартында отырады. Содан өкпесінде су бар.

Бұл осыдан төрт күн бұрын әлеуметтік желідей желдей есіп, көпшіліктің ашуын келтірген бейнежазба. Дүйім жұрттың дені көбі науқасты неге дер кезінде қабылдамады деген сауал қойды. Жедел жәрдемдегі Балқаш ауданының алпыс жастағы тұрғыны бүйрек жетіспеушілігі есебінде тұрады екен.

Жедел жәрдеммен келген әкемді екі сағат бойы қабылдамады деген азаматша дәл осы облыстық аурухананың ақ халаттылары салғырттық танытты деп отыр. Айтуынша, дәрігерлер диагнозын біле тұра шешім дер кезінде шешім шығара алмапты.

«Облыстық аурухана науқасты қайда жіберетінін білмейді. Ақыр соңында екі сағат ішінде инсульт алып отыр жедел жәрдем көлігінің ішінде», – деді науқастың қызы Ақерке Нұрқасым.

Ал күзеті бізді кіргізугі асықпаған аурухананың басшылығы өздерін бұл жағдайға кінәлі санамайды. Айтуынша, бәрін құжат бойынша жасапты-мыс.

«Алып келгенде енді ковидті пневмания, тағы ОНМК-ға күмән болды, ол дегеніміз – ми қай айналымының бұзылуы. Бізде бұйрық бар, бізде инфекциялық койка жабылған. Мұнда инфекциялық койка жоқ. Сондықтан алып келген соң жаңағы фельдшерге айтып түсіндірдік», – деді ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Майра Әлімбетова.

Ал шағымданушы ақ халаттылардың салғырттығы әкесінің сал болуына әкеліп соғуы мүмкін деп отыр.

Ал Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы жедел-жәрдем барлығын дұрыс істегеніне сенімді. Науқастың тіркеуі облыста болған соң облыстық ауруханаға жеткізуі заңды дейді.

«4 шілде күні сағат 15:45-те ЖЖМҚ «103» нөмеріне Герцен мекен жайы бойынша қоңырау келіп түсті. Науқастың жасы 60-та, Алматы облыстық емханаға тіркелген. Жедел медицниалық жәрдем қызметкерлері аталған пациентке дер кезінде көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық. Пациент Алматы облыстық көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақшолпан Қалданқызы.

«Бұл кісі 4 шілде күні 22:00 де бірден жансақтау бөліміне келіп түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Ауырлығы жедел ми қозғалысының ишемиялық түрі. Неврологиялық жағынан статусы сәл тұрақталды», – деді Талғар аудандық орталық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қайрат Симов.

Арнамызға шағымданған азамат кінәлілерді сотқа беруге дейін барамын дейді. Ал әзірге кімнің кесірінен жағдай ушыққанын ешкім түсіндіре алмады.

Әлібек Шынтемір, Ғани  Қалуов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир