|
01.05.2021 | 10:22
10596

Алматыдағы медициналық мекемелер мереке күніне қарамастан жұмыс істейді

Егу пункттері күн сайын таңертең сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге қызмет көрсетеді

Алматыдағы медициналық мекемелер мереке күніне қарамастан жұмыс істейді

2021 жылғы 1-3 мамыр аралығында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы медициналық ұйымдары мен вакцинация пункттерінің мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғамдық денсаулық басқармасының  бағынысты ұйымдарының емханалардағы егу пункттері күн сайын таңертең сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Пациенттерді үйде шақыруға мобильді бригадалар таңертең сағат 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жеделдіктің 4 санаты бойынша созылмалы ауруы бар науқастардың қоңырауына тәулік бойы қызмет көрсетіледі. 

МҰ-ның мереке және демалыс күндеріне арналған жұмыс кестесі ұйымның ресми сайтында, сондай-ақ тіркеу орнының көрнекті жерінде орналастырылған.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Жедел медициналық жәрдем қызметі және басқармаға бағынышты ауруханалар мереке күндеріне қарамастан демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир