Қытайдан коронавирус келсе, отандық дәрігерлер сақадай сай

Almaty.tv
Almaty.tv
Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға вирус тарап жатқан Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына бармауға кеңес береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Барлық қажетті дәрі-дәрмектер де бар. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Ал Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы зертханалар Қытайда және одан шеткері жақтарда тарап жатқан коронавирусты анықтаудың тест-жүйесін өндіре алады. Бүгінде барлық шекара орындарында бақылау күшейтілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Халықаралық әуежайларға қашықтық термометрия жасап жатырмыз. 13 мыңнан астам жолаушы қашықтық термомитриядан өтті. Тек қана жолаушыларды емес, олардың экипаждарын да өткізіп жатырмыз», - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары  Жандарбек БЕКШИН.

Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға аспан асты еліне, әсіресе вирус тарап жатқан Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына бармауға кеңес береді. Ал Қытайда жүрген отандастарымызға барынша сақ болуға шақырды. Мәселен, қарапайым тазалық ережелерін ұстанып, нарықтар мен базарларға, үй және жабайы жануарлар бар орындарға бармаған абзал дейді.

Еске сала кетейік, бұрындары әлемде беймәлім болған короновирус 2019-nCoV былтыр желтоқсанда Ухань қаласында анықталды. Қазіргі таңда жұқпаның 198 жағдайы тіркеліп отыр. Науқастардың 25-і сауығып кетті. Өліммен аяқталған 3 жағдай бар.

Новости партнеров