Алматыда соңғы уақытта тұмау өршіп тұр. Мегаполситегі бір ғана емхананың өзіне күніне 200-ге жуық науқас денсаулығына қатысты шағым айтып келеді екен. Дәрігерлер мұндай жағдайда үйде емделмей, маман кеңесіне жүгіну керегін ескертеді.
«Алматы қаласы бойынша жедел респераторлы вирустық инфекцияның таралауына жеке және қоғамдық гигеналық талаптарды сақтамауынан болып отыр. Барлық адам екпені алу керек. Сол кезде таралу қауіпі аз болады», – деді қалалық №4 емхананың терапевт дәрігері Нұрсұлу Ортаева
Емханаға денсаулығына шағым айтып ересектермен бірге, балаларда көп келеді.
«Қазір жедел респераторлы вирустық инфекцияның келген адамдардың үлкендер де кішкентай кісілер де балалар да ауырады. Яғни температура көтерілсе, ең бірінші оқшаулануыңыз керек. Бұл вирустық алдын-алуына мүмкіндік береді. Басқа адамдарға жұқтырмау үшін түшкірген кезде ауызды орамалмен жабу керек», – деді қалалық №4 емхананың терапевт дәрігері Нұрсұлу Ортаева