|
10.09.2024 | 21:02
570

Алматыда «Ақыл тіс» ескерткіші ашылды

Орталық Азияда тіс мүсінінің композициясы жоқ

Алматыда «Ақыл тіс» ескерткіші ашылды Almaty.tv

Алматыда Орталық Азияда жоқ алғашқы тіс мүсінінің композициясы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ширек ғасырға жуық тарихы бар Сәуірбек Рузиддинов атындағы жоғары медициналық-стомотогиялық колледжінде ілкімді іс жасалды. «Ақыл тіс» ескерткішінің ашылуына Асфендияров атындағы медициналық және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің, сондай-ақ Қазақстанның стоматологиялық бірлестігі мұрындық болды.

– Мұндай ескерткіш әлемде сирек, Читада, Санкт-Петербургте бар. Дәстүрді жалғап, елімізде тіске ескерткіш ашу – үлкен оқиға. Оқу орны тек тіс емдеумен емес, ортопедия саласымен айналысады, – деді Қазақстан педагогикалық ғылым академиясының академигі, профессор Марат Тоқашбаев.

Биыл 800-ге жуық студентпен толыққан колледждің қызығы тарихи мүсінмен шектелмеді. Оқу ордасында дәстүрге айналған жас талапкерлерге ақ халат табыстау рәсімі өткізіліп, кәнігі тіс саласының профессорлары келешек жас буынға ақ жол тіледі. Білім ошағының әлеуеті жоғары, аясы кең. Мұнда еліміздің ғана емес, Түркия, Иордания, Өзбекстан, Қытай сынды мемлекеттерден арнайы келген студенттер де бар.

– Түркия мемлекетінен, Стамбул қаласынан келдім. Колледж жайлы халықаралық фестивальде білдім. 1-курсында оқимын және тіс технигі мамандығын таңдадым, – деді студент Усанмаз Генжо (Түркия).

Оқи отырыңыз: Үшінші күн: көшпенділер ойындарында ел қоржына 40 медаль түсті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир