Қазақстанда Халықаралық мейірбике күні атап өтілді

Флешмоб в 29-й поликлинике Алматы в честь праздника
Флешмоб в 29-й поликлинике Алматы в честь праздника
Алматылық медбикелер кәсіби мерекесін жұмыс орнында өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 мамыр – Халықаралық мейірбике күні.

Қай кезде болмасын өздерінің төл мерекелерінде де мейірімді жандар жұмыс орындарында өткізеді. Науқастардың жағдайын бақылап, ем-дом шараларын жүргізетін мамандардың еңбектері өлшеусіз.

Балқия Радилова 24 жыл бойы №2 қалалық балалар емханасында мейірбике болып қызмет етіп келеді. Екі баланың анасы «осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін және елдің амандығы үшін еңбек етуге дайынмын» дейді.   

«24 жылда көп қиындықтар болды. Балалармен жұмыс істегеннен кейін қиындығы да, қызығы да, шыжығы да болады. Балалармен ғана жұмыс істемейміз, аналарымен, әкелерімен дежұмыс істеуге тура келеді. Әрине, балалар ауруханасында жұмыс істейтініме қуаныштымын. Барлық қиындықтарды қашанда жеңу дайынбыз», - деді № 2 қалалық балалар емханасының мейірбикесі Балқия РАДИЛОВА.  

Новости партнеров