Көпбалалы ана бір жасар баласының емі үшін көпшіліктен көмек сұрайды

Көпбалалы ана бір жасар баласының емі үшін көпшіліктен көмек сұрайды
Кішкентай бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін ата-анасы шет елге аттануға мәжбүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өмір үшін күресте әр теңге маңызды. Алматы облысының тұрғыны, көпбалалы ана Ақерке Бөкенбайқызы бір жасар баласының емі үшін көпшіліктен көмек сұрайды. Сәбиге әлемде өте сирек кездесетін диагноз қойылыпты. Оның жілік майын ауыстыру қажет. Енді кішкентай бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін ата-анасы шет елге аттануға мәжбүр. Толығарақ Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын тарқатады.

Мұхаммед – Ақерке Бөкенбайқызының кенже ұлы. Баласының сырқатқа шалдыққанын ата-анасы жақында біліпті. Бұған дейін бірнеше рет химия мен сәулелі терапиясын алған екен. Дәрігерлер бұл дертті тұқым қуалаушылықтан деп болжап отыр. Оның нәтижесі генетикалық тесттен кейін ғана белгілі болады. Енді сәбиге ерекше күтім керек дейді ақ халаттылар.

«Түсініксіз жағдай болды. Содан олар Австрия мен Ресей елінің дәрігерлерімен бірге консилиум жасап, бізге «гемофагоцитарлы лимфогистиоцитоз» деген диагоноз қойды. Ол әлемде өте сирек кездесетін ауру, Қазақстанда тіптен. Бізді емдеген дәрігердің 12 жылдық тәжірбиесінде мұндай ауру 4 рет кездескен», – деді анасы Ақерке Бөриева.

Баланың емі үшін қомақты қаражат керек. Отбасы бұл салада түрік ағайындарымыздың тәжірибесі мен ем-шарасын жоғары санап, Стамбұлға жол жүрмек ниетте. Ал, түркиялық медицина қызметкерлері донор табылғанша, анасынан жасуша алып, ота жасауға бекініп отыр. Себебі сәбидің жағдайы күннен күнге нашарлап барады. Шетелдік дәрігерлер трансплантация құнын 75 мың доллар деп бағалапты.  

«Бұл ауру жайында айтты, қандай қиын ауру екенін. Химия терапиясы бар, оған да бағынбайтын агрессив екенін айтты. Ары қарайғы емін қалай жалғастыру керек екені жайлы үш мемлекетке Австрия, Түркия, Ресейге жіберіп отыр», – деді анасы Ақерке Бөриева.

Sberbank 5392150002261137

Kaspi bank 4400430187811499

Әкесі: Бауыржан Қалменов

Тел: 87759273881

ЖСН: 810214302316

Ата-анасы баласы сыртқатқа шалдыққан күннен бастап, түрлі қорлар мен қайырымдылық топтарға жағдайын айтып жүгінген. Жомарт жандардың көмегімен бүгінге дейін 15 млн теңге жиналыпты. Десе де баланың емі үшін бұл қаржы жеткіліксіз болып тұр. Бүлдіршіннің сауығып кетуіне жағдай жасап, үлес қосатын жаны жайсаң жандар табылып жатса, экранда көрсетілген мәліметтер арқылы қол ұшын созуыңызға болады.  

Ұлағат Арғын, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров