Жоғарғы соттың судьялары сайланды
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан Сарманқұлұлы, Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы сайланды.
«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, облыстық соттарға басшылық еткенін жеткізді.
Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33