Алматы қаласы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
пресс-служба ДП Алматы
Арыстанғани Заппаров осыған дейін Алматы облысының Полиция департаментін басқарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.
Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.
Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34